Шымкентте жалпы сенбілік өтті

839

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлайды. Тазалық шарасына облыстық, қалалық мекеме қызметкерлерімен қатар қала тұрғындары, студенттер жұмылдырылды.

015

Сенбілік барысында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар көшет отырғызып, қаланың барлық саябақтары, арықтары, жүргінші жолдарын тазалады. Ағаштар әктеліп, қоқыстар шығарылды.

001

009

012

Қала тазалығы үшін ұйымдастырылған сенбілікке жалпы саны екі мыңға жуық адам қатысып,  35 техника жұмылдырылды.

005

004

003

002

Естеріңізге сала кетейік, 10-18 қазан аралығында барша шымкенттіктер қала күнін атап өтеді. Қала әкімі Дархан Сатыбалды осыған орай сүйікті шаһарымызды күл-қоқыстан тазартып, гүлденуіне бір кісідей атсалысуға шақырады.