Әл Фараби көшесінің құрылысы 2015 жылдың соңында бітуі тиіс

426

Шымкенттегі Темірлан тасжолы мен Алматы бағытындағы күре жол аралығындағы Әл Фараби көшесін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты су жүйесі ығыстырылып, электр жарығы және байланыс желісі бағаналары жаңа орынға көшірілуде.

003

Абай ауданына қарасты Әл Фараби көшесінде соңғы он жылда құрылыс тоқтамайтын болды дейді тұрғындар. Енді көше бойы қазылған шұңқырларға пластикалық құбырлар орнықтырылуда.

«Су арнасы – Маркетинг» мекемесінің мамандары Әл Фараби көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыстан хабардар. Алайда бұл жұмысты су мамандары емес, қосалқы мердігерлер жүргізуде екен.

[youtube]http://youtu.be/RfgR7IxdEO4[/youtube]

Бұл көшеде тек су құбырлары емес, электр жарығы, байланыс желісі түгелімен бір шетке ығыстырлады екен. Өйткені көше кеңейтілмек. Алматы бағытындағы күре жолдан бастап Темірлан тасжолы аралығында замануи талаптарға сәйкес жол салынуда.

[youtube]http://youtu.be/7eh87_dJhi0[/youtube]

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жаңа жолдың құрылысы 2015 жылдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда.