Өз балаларын өлтірген қаніпезер өмір бойы түрмеге қамалды

284
Шұғыл түсірілім

Өз балаларын өлтірген әке сот үкімі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге салайық, былтыр қыркүйек айында Созақ ауданы Жыныстас аулында қанішер әке 2 және 4 жасар балаларын пышақтап өлтірген болатын.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Тұңғыш ұлын жүрек тұстан 5 рет, кішісін 4 рет пышақтаған әке бұл әрекетін ажырасуға бел байлаған жұбайына ерегісіп, қасақана жасағанын айтқан. Содан кейін өзіне-өзі қол салмақ болыпты. Бірақ, аман қалған.

Сот психиатрлары қылмыскердің психикалық ақуалында өзгерістер бар екенін анықтады. Алайда, мамандар сотталушы өз өзіне жауап бере алатын жағдайда деген қорытынды шығарған. Дегенмен, қаніпезер темір тордың ар жағында психиатр мамандарының бақылауында болмақ.

[youtube]http://youtu.be/sZL1-FAFcXY[/youtube]