«Ата-аналар комитеті қажет пе?» атты дөңгелек үстелдің видео-нұсқасы

Мектепте ата-аналар комитеті қажет пе? Оның бала тәрбиесі мен білім ошағында рөлі қандай? Бұл мәселе «Отырар» телеларнасында өткен дөңгелек үстел басында талқыланды. Еркін тақырыпта өткен басқосуды телеарнаның бас редакторы Зәуре Оралбаева мен «Оңтүстік Рабат «газетінің бас редакторы Жәмиля Мамырәлі жүргізді.

001

Бүгінде ата -аналар комитеті тек ақша жинау кезінде ғана жұмыс жасайды немесе олар міндетін дұрыс атқармайды деген түсінік қалыптасқан. Осыған орай қоғамдағы бұл мәселені шешуде ашық пікірталас алаңына түскен облыстық, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектеп директорлары өз пікірлерін ортаға салды.

Облыстық, қалалық білім басқармасынан келген мамандар көпке дейін бір бітімге келе алмады. Ал белсенділік танытып, батыл пікірін білдірген ұстаз, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы Өмір Шыныбекұлының айтуынша, білім ошағында ата-ананың ықпалы да, рөлі де зор. Оны тек дұрыс пайдалану керек. Қалай болғанда да басқосуға келгендердің барлығының мақсаты бір. Ол – мектеп қабырғасында балаға дұрыс тәлім-тәрбие мен сапалы білім беру. Төменде сол дөңгелек үстелдің толық нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

[youtube]https://youtu.be/YCCMrsxPS7M[/youtube]