Автобус жол апатына ұшырады

312

Шымкентте тағы да жолаушылар тасымалдайтын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Келеңсіз жағдай Тәуке хан даңғылы бойында, Ақпан батыр көшесіне жақын маңда, сағат 16:00 шамасында орын алған. Куәгерлердің сөзіне сенсек, көлік жуу бекетінен шыққан «Тойота» маркалы автокөлік алдынан кесе көлденең шыққан келесі «Тойотаны» соққан. Соның салдарынан екінші көлік № 74 бағыттағы автобусты ұрды.

Шымкентте жол-көлік оқиғасы тіркелді

694

Жол апатының салдарынан жолаушыларға толы қоғамдық көлік жол жиегіндегі ағашқа келіп тірелген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R8udF4qP9SA[/youtube]

«Ештеңеге түсінбей қалдым. Білетінім – көлік жуу орнынан шыққан «Тойота» қатты келді. Келіп мені соқты, мен ағашты ұрдым, өзім рөлден ұшып түстім» дейді автобус жүргізуші.


Араға аз-кем уақыт салып, оқиға орнына 2 бірдей жедел жәрдем көлігі келді. Автобус 
жүргізуші бірнеше жолаушы зардап шеккенін айтады.

соңғы 1 ай ішіне автобустың қатысымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Соңғы 1 ай ішіне автобустың қатысымен 5 жол апаты тіркелген

Айта кетейік, бұл – соңғы бір айдың ішінде Шымкентте автобустың қатысымен орын алған бесінші жол апаты.