Назарбаев мектептерінде қазақтың жүз әні шырқалады

3102

«Қазақтың жүз әні». Ел аумағындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде халық әндерін балаларға насихаттау жобасы бастау алды. Шараның мақсаты – шәкірттер арасында халық және  тәрбиелік мәні зор фольклорлық әндерді насихаттау. Осындай шара физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті.

Жобаны ұстаздардың өздері бастап берді.  Білім ұясының директорына дейін ұлттық киім киіп, оқушылардың алдында «Дедімай-ау» әнін шырқап берді. Ондағысы – алдымен балаға үлгі болу. Қала берді, ертең шәкірттен сұрағанда да өзі халық әнін біліп тұрған ұстаздың мерейі үстем болары анық.

Мектеп ұжымының күнтәртібі әнұран айтудан басталады
Мектеп ұжымының күнтәртібі әнұран айтудан басталады
"Қазақтың жүз әні" жобасы аясында оқушылар мен ұстаздар халық әнін шырқады
«Қазақтың жүз әні» жобасы аясында оқушылар мен ұстаздар халық әнін шырқады

IMG_9105

IMG_9104

Залдағы ұжым да халық әнін қосыла айтты
Залдағы ұжым да халық әнін қосыла айтты

IMG_9097

IMG_9102

Апта бойы белсенділік танытқан шәкірттер де марапатталды
Апта бойы белсенділік танытқан шәкірттер марапатталды

IMG_9115

IMG_9121

IMG_9120

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 16 Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Онда нақты ғылымдар бойынша балаларға тереңдетіп дәріс оқылады. Ал «Қазақтың жүз әні » секілді жоба бұл білім ұяларында тек ғылымға берілген баланы ғана емес, өз ұлтының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарына қанып өскен тұлғаны тәрбиелеуге көмек береді.