Оңтүстікте күзгі егіс аяқталып келеді

743

Оңтүстіктің дихандары биыл межелеген 110 мың гектар күздік егіннің 87 пайызын сеуіп үлгерген. Төле би, Қазығұрт, Түлкібас аудандарының шаруалары күздің жылы күндерін пайдалана отырып, алдағы екі жетіде дала жұмыстарын аяқтамақ ниетте.

004

Қазығұрт ауданындағы «Қарабау» серіктестігі биыл күздік астықты қыркүйек айының екінші онкүндігінде еге бастаған. Бүгінгі таңда 2 мың 107 гектар жер алқабының 1 мың 700 гектарына күздік бидайдың элиталы тұқымы себілді. Тұқымдық бидайды агрономдар мұқият дайындап, дәрі сепкен.

[youtube]http://youtu.be/tt2yZ0_to78[/youtube]

Ауа райы қарасса, шаруашылық мамандары күздікті айдың соңына дейін егіп үлгереміз дейді. Жіңішке ауылының дихандары биыл жауын-шашын мүлдем жаумай қалғандықтан жер құрғап, әр гектардан 12,9 центнер өнім алыпты. Енлі шаруалар келер жылы күздіктен мол астық жинаймыз деп үміт артуда. Өйткені, күзден бергі ылғал дақылдың тез бітіп, жетілуіне оң әсерін тигізуі керек.

[youtube]http://youtu.be/6lc-gV9EVz8[/youtube]

Былтырдан бері шаруашылық агроталаптарға сәйкес ауыспалы егістікті сақтап, жердің құнарлығын арттыру арқылы өнімді молайтпақ. Қазығұрт ауданы бойынша биыл 20 мың гектар күздік бидай егілген. Аудандағы 3 мыңнан астам агроқұрылымның басым бөлігі – шаруа қожалықтары.

[youtube]http://youtu.be/oJCDVOwES2Q[/youtube]

Оңтүстік өңірі бойынша шаруалар биыл межелеген 110 мың гектар алқаптың 96 мың гектарын егіпті. Күздік егіске қажетті 29 мың тонна тұқым толығымен зертаханада тексеруден өткзіліп, оның 24 мың тоннасы 1-2-ші сыныпқа жатқызылған.

[youtube]http://youtu.be/fkItNV2JGUI[/youtube]

Облыста күздік жер айдау толығымен аяқталса, сүдігер айдау жұмыстары 508 мың гектарға межеленіп, 102 мың гектар жер айдалады.