Шымкент зообағы жаңа аң-құспен толықты

598

Шымкент зообағына жаңа аң-құс жеткізілді. Қыс ауасында мұнда Алматы қаласынан 15 бірдей жануар мен қанаттылар жеткізілді.

001

Олардың арасында жалпақ жұртқа «Америкалық түйе» лақап атымен танылған жануар да бар. Мұнда 2 бірдей Гуанако ламасы Алматы қаласынан жеткізілген. Өсімдіктермен қоректенетін жануарлар биік тау беткейлері мен шөлейт жерлерде көп кездеседі. Қазір жаңа ортаға бейімделіп жатыр.

[youtube]http://youtu.be/jm1gr4qFna0[/youtube]

Бұдан бөлек Шымкент зообағы 2 аласа ешкімен де толықты. Оларға қазір 3 мезгіл жеп-шөп әзірленеді. Жаңа аң-құстардың қатарында Қызыл кітапқа енгендер де бар. Хайуанаттар бағына 20 жылға тарта өмір сүретін ақбас қаз, каролинка, кәдімгі орикстер жеткізілген.

Кейбір құстар тек ұсақ жәндік және өсімдіктермен қоректенеді. 10 жылға жуық уақыт өмір сүреді. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, жаңа аң-құстардың ішінде патшалық және алмаз түсті қырғауылдардың орны бөлек.

Латиф Әлиев, Шымкент зообағы директоррының орынбасары: «Бұл қырғауылдарды алып келген себебіміз – бізде бұрыннан келе жатқан құстардың қанын ауыстырумыыз қажет. Себебі ол барған сайын көбеймеуі мүмкін. Жаңадан алып келінген жануарларға қыста барлық жағдай жасалған.»

[youtube]http://youtu.be/UIaJYbg0SK4[/youtube]

Айта кетейік, бүгінде Шымкент зообағында 195 түрлі 2050 бас аң мен 52 түрлі 260 құс бар.