Шымкентте Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі өтіп жатыр

1033
Көрмеге 50 туынды қойылды

Суреттер сөйлейді. Шымкентте қылқалам шебері Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі басталды. Елордадан келген суретшінің қолынан шыққан тұщымды еңбектерді арнайы келіп тамашлаушылардың қарасы қалың болды.

Көрмеге келушілердің қарасы қалың
Көрмеге келушілердің қарасы қалың
"Индира Тұрсынбай - сұлулардың сұлуы" деп аталатын бейне
«Индира Тұрсынбай – сұлулардың сұлуы»

Бір қарағанда оқу орны көрме залына айналғандай. Педагогикалық институтта қылқалам шебері Аңсаған Мұстафаның еңбектері қаз-қатар тізіліп қойылды. Өнер иесінің «Күзгі махаббат», «Кетпеші», «Ана, темекі тартпа», «Жексенбілік әке» сынды туындылары ғаламторда ғана қоғамдық пікір туғызған жоқ. Көрмеге жиналған көпке де ерекше әсер сыйлады.

"Темекі тартпашы, ана"
«Темекі тартпашы, ана»

Нұрай Жақабай, студент: «Өте керемет әсер алдым. Себебі қоғамдағы өзекті мәселелер кәдімгі қаламмен салынып, біздің ой-түйсігімізге жетіп жатыр. Мәселен, біз қазір студентпіз, бүгінгі қадамымыз – ертеңгі өміріміздің бағдары. Ал суреттерде бойжеткен қыздардың, жүкті әйелдің темекі тартып тұрған бейнесі салынған. Жан түршігерлік көрініс. Бірақ, қоғамдағы шындық. Мұны көрген біздер, әрине, оған жирене қарап, жаман қылықтарға жоламаймыз.»

Көрмеге 50 туынды қойылды
Көрмеге 50 туынды қойылды
"қазақша сэлфи" атты сурет
«Қазақша сэлфи»

Елордадан келген суретшінің көрмесімен танысуға жергілікті билік те қызығушылық білдірді. Шеберді арнайы келіп құттықтады. Ал 11 жылдан бері бейнелеу өнеріне ден қойған Аңсаған Мұстафа көбіне әлеуметтік тақырыптарға қалам тербейді. Мұнысын қоғам шындығын баяндауы деп түсіндірді.Қылқалам шебері тек қағаз бен қара бояудың көмегіне жүгініп, сырға толы суреттерді салуының құпиясымен бөлісті.

Аңсаған Мұстафа, суретші: «Аяғы ауыр қыздардың жылап, алданып қалуы, олардың көмек іздеуі, ақыл сұрауы – мұндай жағдайларға жиі көргенмін. Барлығы да миыма, ойыма жазыла берді. Енді соны суретпен жеткізіп жатырмын. Менің суреттерімнің мақсаты – әдемілікті жеткізу емес, тез арада адамға ойды жеткізу. Сондықтан қызыл-жасыл бояуды қолданбаймын. Егер суретті әсемдеп, бояп жіберсем, онда көпшілік оның кескініне ғана қарап, мағынасын ұқпай қояды.»  

IMG_4056


IMG_4059

автордың бас-аяғы 150 еңбегі бар
Автордың бас-аяғы 150 еңбегі бар

Айта кетейік, бүгінде Аңсаған Мұстафаның 150-ге тарта еңбегі бар. Оның елуі жерлестеріміздің назарына ұсынылып отыр. Аталмыш көрме 10-желтоқсанға дейін жалғасады.