Тұрақтандыру қоры жасақталуда

594

Алдағы күндері күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін арнайы белгіленген сауда орындарынан сатып алуға болады. Картоп, пияз, құмшекер, күріш, макарон өнімдері мен күнбағыс майын арзан бағада алуға мүмкіндік бар. Бұл облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қоры есебінен жүзеге асады. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев басқарған комиссия тамыз айынан бері халық арасында аса маңызды азық түліктің қорын жасап, қоймаларды толықтырғандарын алєа тартты.

003

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшысының айтуынша, қоймалардағы өнімдердің арасынан 81 тонна пияз Тараздағы «Дихан» шаруа қожалығынан сатып алынған. Әр қаптың салмағы – 30 келі. Басқа камерада Қарағандыдан алып келінген картоп сақталып тұр. Оған қоса Түлкібастың да картобы бар.

Талғат Алпысбаев: «Өнімдерді сатып алуға былтыр 1 млрд. 847 млн. теңге бөлінген.Ол қаржы 3 жылға есептелген. Келісім бойынша қазір қысқы мерзімге орай қоймаларды азық-түлікпен толтырудамыз. Қоймада 4,5 мың тонна картоп, 1200 тонна пияз көктемде азық-түлік келісімін жасаған кәсіпорындарында сақталуда. Қажет болғанда олар да жеткізіледі. Қоймада Павлодардың, Қарағандының, Түлкібастың картобы, Жамбылдың және өзіміздің пияз жатыр.»

[youtube]http://youtu.be/35_W75mhJvU[/youtube]

Осылайша қыс пен көктем айларында сауда орындарында әлеуметтік бағада сатылатын өнімдердің қоры жасақталуда.Келісім негізінде жеткізілген көкөніс әлі іріктелініп, құрғатылады. Содан кейін арнайы камераларда сақталады екен.

[youtube]http://youtu.be/Qz_4PBUSMjo[/youtube]

Тұрақтандыру қорында көкөністен бөлек құмшекердің де жеткілікті қоры жасалған. Әзірге Алматыдан 2,5 тоннасы жеткізілген. Ал күріш Шардарадағы «Жұмабаев» жеке кәсіпкерінен сатып алыныпты. Камерада қазіргі таңда мың қаптан астам шекер жинаулы жатыр. Қызылорданың күрішіне де тапсырыс жасалыпты. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрақтандыру қорын қажетті азық түлікпен қамтуға арнайы бекітілген.

[youtube]http://youtu.be/9937I4_pt-U[/youtube]

Мұндағы өнімнің барлығы отандық дейді жауаптылар. Макарон өнімдері Түркістаннан жеткізіліпті. Тұтынушыларға ыңғайлы болсын деп, олар 2-5 келілік қалтаға салынған. Мамандардың сөзіне сенсек, бидайдан да тапшылық көрмейміз. Себебі, 10 мың тонна дақыл сатып алынған.

Азық-түлік өнімдердің басым бөлігі теміржолмен жеткізілетін көрінеді. Қоймаларды таңдағанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы олардың жабдықталуына аса көңіл бөліпті. Мамандар ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында жиналған өнімдер жақын күндері қаладағы белгіленген сауда орындарында әлеуметтік бағада сатылады деп отыр.