Жас ақын Батырхан Сәрсенханның шығармашылық кеші өтті

602
Жас ақын Батырхан Сәрсенхан

«Біз жанбасақ лапылдап!» Шымкентте осындай тақырыппен жас ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлде иегері Батырхан Сәрсенханның шығармашылық кеші өтті.

Жас ақын Батырхан Сәрсенхан
Батырхан Сәрсенхан

Әдеби кеште студенттер мен жас қаламгердің достары оның жыр шумақтарын жатқа оқыды. Өзара диалог туындыларды да нақышына келтіре айтты. Кеш кейіпкері қонақтардың қойған сауалдарына жауап беріп, жүрекжарды шығармаларын оқуды ұмыт қалдырмады.

699

Айта кетейік, бүгінде 19 жастағы жас ақын Батырхан Бөріханұлының «Қайсар махаббат Тәуелсіздігі
немесе Кім кінәлі?», «Анама хат», «Ай сонатасы», «Ізгілікті іздеу», «Түркістандағы алғашқы өлең» сынды 40-қа тарта өлеңі бар.

Кешке келген студенттер

Батырхан Сәрсенхан, ақын, ХVІІ халықаралық «Шабыт-2014» фестивалінің бас жүлдегері: «Қазір өте жақсы әсердемін. Менің өлеңдерімнің өзге ақындардың жырларынан ерекшелігі – жалпы алып қарағанда өмірдің мәнін іздеу болып табылады. Кешегі Лев Толстой, Кон Фуцилардан қалған өмірдің мәнін іздеуді одан әрі жалғастырамын. Өзімнің жолымды осы бағыттан тапқым келеді. Өлеңдерім ізілікке бағытталған. Шынайылықты жаным сүйеді. Ал ұстанымым – армандар орындалады. Болашақта халықаралық «Нобель» сыйлығын алғым келеді. Менің армандарым көп, енді оны жүзеге асыру ғана қалды.»