«Қазмедприбор» қан орталығына көлік сыйлады

297

Тәуелсіздік мерекесіне орай қан орталығының қызметкерлері сыйлыққа ие болды. «Қазмедприбор» мекемесі биыл 13 тонна қан жинаған орталыққа су жаңа жеңіл көлікті сыйға тартты.

001Компания бұған дейін Жетісайдағы ауруханаға, облыстық балалар ауруханасына және жедел жәрдем станциясына да қол ұшын беріп, материалдық көмек көрсеткен. Өз кезегінде қан орталығының дәрігерлері отандық тауар өндірушілерге алғыстарын жеткізді.