Бәйдібек ауданында жолда қалып қойған 4 адам құтқарылды

209

Бәйдібек ауданында 4 адам қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы суыт хабар құтқару жасағының кезекші бөліміне жексенбі күні түскен.

Хабарласқандардың айтуынша, Жұлдыз ауылының маңындағы жолдың үстінде автокөлік қалып қойған екен. Оқиға орнына сағат 17:45-те облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағының мамандары шұғыл келіп жетті.

Анық болғаны, «Тойота» маркалы автокөлігі жолда тығылып қалған. Ішінде жүргізушімен қоса 3 жолаушы бар. Өздерінің айтуларынша, аңға шыққан кезде ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойыпты.

Оларды қар құрсауынан алып шығу жұмыстарына құтқару жасағының 7 маманы мен «КамАЗ» және «Нива» арнайы көліктері жұмылдырылған. Қазіргі таңда азаматтар қауіпсіз жерде.

008

007

006

005

004