Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды (толық тізім)

945

Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында жаңадан ашылған Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында Оңтүстіктің жыл үздіктері марапатталды. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов марапат иелерін құттықтады.

001

«Биыл жеткен жетістігіміз барша оңтүстікқазақстандықтардың еткен еңбегі мен пайымды парасатының нәтижесі деп білемін. Келер жылға жоспар көп, алдағы міндеттерді бірлесіп атқарамыз деген сенімдемін» деді өңір басшысы.

003

Арнайы құрылған комиссиялардың шешімімен облыстың мәдениеті мен руханиятына және білім, денсаулық сақтау, спорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және т.б. түрлі салалардың дамуына сүбелі үлес қосқан 39 азамат «Жылдың үздігі» деген номинацияларға лайық деп танылды.

004

Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

002

Сонымен, 2014 жылдың үздіктерінің аты-жөндерін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі – Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры. Директоры – Спанов Бақтияр Әбілұлы.

2. Жылдың үздік композиторы – Құттыбай Сағынтай Тәттібайұлы. Отырар аудандық мәдениет сарайының директоры.

3. Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы – Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің «Шамсинур» би ансамблі. Көркемдік жетекшісі- Лачук Надежда Антоновна.

007

4. Жылдың үздік әртісі – Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртісі Қалдарбекова Бақыткүл Тұрлыбайқызы.

5. Жылдың үздік әншісі – Рысдәулетовтер отбасылық халықтық «Өркен» тобы. Жетекшісі – Рысдаулетов Өркен.

6. Жылдың үздік ақыны – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Агроөнеркәсіп» факультетінің студенті Әлішер Әлімжан.

7. Жылдың үздік жазушысы – облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры Ханбибі Есенқарақызы.

006

8. Жылдың үздік журналисі – «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Тайжанов Бақтияр Байдуллаұлы.

9. Жылдың үздік суретшісі – Шаржанов Араншы Анарбайұлы. Суретші, кескіндемеші, Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің оқытушысы.

10. Жылдың үздік ғалымы – Досбенбетова Анара Шаймаханқызы. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасының профессоры.

008

11. Жылдың үздік мектебі – Ордабасы ауданындағы Көкарал жалпы орта мектебі. Директоры – Бибатыр Үсен Биданұлы.

12. Жылдың үздік колледжі – Ә.Кастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизаин колледжі. Директоры – Ниязов Айдар Қамбарұлы.

13. Жылдың үздік ұстазы – Қадырқұлов Роман Алауұлы. Созақ ауданындағы «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі.

14. Жылдың үздік сынып жетекшісі – Сейсенбаева Арайлым Нақыпқызы. Сайрам ауданы, Құтарыс ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы №30 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып жетекшісі.

15. Жылдың үздік тәлімгері – Тәжиева Эльвира Маратқызы. Отырар аудандық Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің тәлімгері.

005

16. Жылдың үздік тәрбиешісі – Орманова Ғалия Нышанбекқызы. Түлкібас ауданындағы «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі.

17. Жылдың үздік медицина мекемесі – Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы. Бас дәрігері – Тәшенов Бекбосын Қожанұлы.

18. Жылдың үздік дәрігері – Ерназарова Гүләйша Муйдинқызы. №3 облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы.

19. Жылдың үздік санитарлық дәрігері – Медетова Жұмағайша Смағұлқызы. ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, автоматтандырылған басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы.

20. Жылдың үздік мейірбикесі – Егембердиева Перизат Жайлауқызы. Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасының медбикесі.

010

21. Жылдың үздік туристік ұйымы – «Саэль тур» ЖШС. Басшысы –Бекова Эльвира Баймаханқызы.

22. Жылдың үздік спорт мекемесі – Оңтүстік Қазақстан облыстық бокстан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Директоры – Ділдәбеков Мұхтархан Қобланбекұлы.

23. Жылдың үздік спортшысы – Жаппарқұл Жазира. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыр атлетикадан олимпиада резвервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

24. Жылдың үздік жаттықтырушысы – Жарменов Денис Қасымұлы. Оңтүстік Қазақстан облысының су спорты түрлерінен олимпиада резвервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің байдарка және каноэде ескек есу бөлімінің жаттықтырушысы.

25. Жылдың үздік құрылыс мекемесі – «РСУ-1» ЖШС. Басшысы – Сулайманов Низамхан Сулайманович.

009

26. Жылдың үздік құрылысшысы – Таштаев Әбдіқадыр Елеусізұлы. «Корпорация Сити Строй» ЖШС-нің бас инженері.

27. Жылдың үздік жол-құрылыс мекемесі – Шымкеттегі «ЖБИ-С» ЖШС. Директоры – Зиятаев Ержан.

28. Жылдың үздік жол құрылысшысы – Бугаев Станислав. «СМК и Ж-7» ЖШС-нің инженері.

29. Жылдың үздік энергетигі – Сарыбеков Әскербек Ермекбайұлы. «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның электр цехының электрмонтеры.

30. Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері – Андасова Гүлнәр Сұлтанқызы. «Югдорсервис» ЖШС-нің учаске шебері.

31. Жылдың үздік ауылы – Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ ауылдық округі. Әкімі – Түймебаев Иман.

32. Жылдың үздік ауласы – Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының Теріскей шағынауданындағы №50 үй. Төрайымы – Артықбаева Ғалия Қоспанқызы.

33. Жылдың үздік жолаушылар көлігі кәсіпорны – «Санжар-Моторс» ЖШС. Жетекшісі – Исқақова Гауһар.

34. Жылдың үздік жүргізушісі – Омаров Жексенбай Әуезәліұлы. «Жетісайтранссерви»» ЖШС-нің жүргізушісі.

35. Жылдың үздік сәулетшісі – Бөбеев Алмасбек Ғалымжанұлы. Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

36. Жылдың үздік жас сәулетшісі – Дүйсебаев Ұлан Дәулетұлы. «Design- Артиум» ЖШС дизайнері.

37. Жылдың үздік мұрағатшысы – Тасыбекова Кәмшат Қиятқызы. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару бөлімінің басшысы.

38. Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері – Айменов Алмұханбет Алдашбекұлы. Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, медициналық әлеуметтік мекемесі, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

39 Жылдың үздік қамқоршысы – Жаңабаева Жұлдыз Өкешбайқызы. Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, медициналық әлеуметтік мекемесінің «ОҚО арнаулы кәсіптік колледжінің орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі

Фотоларды түсірген – Хусан Азизов