Сенат су арнасының қызметін жоғары бағалады

240

«Су ресурстары – Маркетингі» мекемесінің жұмысы тек өңірде ғана емес, республика бойынша ең үлгілі мекеме. Бұл туралы өз бағасын берген Қазақстан Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев мәлімдеді. Халық қалаулысы тұрғындармен кездесуінде Шымшаһардың кеңейуіне байланысты таза ауызсумен қамту өзекті мәселе болып отырғанын атап өтті.

001Әли Бектаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты: «Жол деген біздің ата бабамыздан келе жатқан, Жібек жолының жалғасы. Өздеріңізге мәлім, Ұлы жібек жолының бойында қалалар дамыған. Сол жолдың бойында елдімекендер дамыған, сауда-саттық дамыған. Сол жолдың бойында кәсіп орындар дамыған. Қазіргі уақытта қиындыққа қарамай қаржы бөліп, осы жолдарды, магистральдарды дамытып, халқымыздың экономикасын жақсатып, жағдайын жақсартуымыз керек.»