Шардарадағы мерекелік тартулар

695

Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай Шардарада үш жаңа әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мерекелік тартуларды аудан тұрғындарына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков табыстады.

003

Ресми өкілдер алғаш болып Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектептің 200 оқушыға арналған қосымша ғимаратын пайдалануға берді. Осы мектептің оқушылары бұған дейін шағын ғана ғимараттарда оқып келген болатын. Заман талаптарына сай етіп салынған білім ошағында спорт залы, акт залы мен кітапхана және де асхана қарастырылған. Балаларға барлық жағдай жасалған жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 212 348 мың теңге бөлінген.

001

Шардаралықтардың қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков келер жылы облыста 108 білім нысанын салу жоспарланып жатқанын айтты.

Ал Қызылқұм елдімекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 150 орындық «Аққу» балабақшасы ашылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Жекешелендіру кезінде қараусыз қалған балабақша ғимараты қайта жаңғыртылып, жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен іске қосылып отыр. Барлық талаптарға сай етіп жабдықталған бұл ғимарат құрылысына 100 млн7 теңге қаржы жұмсалған.

005

Ұйымның ашылу салтанатында сөз алған Сәкен Әсембекұлы бір ғана Шардара ауданының өзінде бүгінде 13 мемлекеттік, 8 жекеменшік балабақша халыққа қызмет етіп отырғанын жеткізді.

Шалғайдағы Сүткент ауылында Тәуелсіздік күніне тарту ретінде 200 орындық жаңа мәдениет үй пайдалануға берілді. Жаңа үлгіде салынған ғимаратқа облыстық және жергілікті бюджеттен 169 млн. теңге бөлінген.

002

«Аудан бойынша 26 мәдениет мекемеcі жұмыс істейді. Оның ішінде 9 мәдениет үйі, 16 кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану мұражайы бар. Соңғы үш жылда республикалық және жергілікті бюджеттен 183 млн7 теңге қаржы бөлініп, 4 мәдениет үйі жөндеуден өткізілді» деді аудан әкімі Қамытбек Айтөреев жаңа мәдениет ошағының ашылу салтанатында.

004

Облыс, аудан басшылары бүгін ашылып отырған жаңа нысандар ел игілігіне қызмет етіп, еліміздің абыройын одан әрі асқақтататын талай дарынды өскіндерді тәрбиелейтініне сенім білдірді.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі