Шымкентте газ құбыры жарылып, екі адам зардап шекті

353

Шымкентте тұрғын үйге қосылған газ құбыры жарылып, соның салдарынан екі адам зардап шекті. Келеңсіз жағдай 2-желтоқсан күні таңғы сағат 7-ден асқанда болған.

001

Cағат 7-ден 40 минут өткенде Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің кезекші бөліміне суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандар Шымкенттегі Арғынбеков көшесінің бойындағы бір үйде жарылыс болғанын хабарлаған. Айтылған мекенжайға өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері жедел аттанады. Олар мен қоса оқиға орнына жергілікті полиция қызметкерлері де келіп жетті.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бірден ауыздықтаған. Анық болғаны, жарылыстың салдарынан екі қабатты үйдің бір қабырғасы құлап, 50 жастағы үй иесінің жұбайын басып қалыпты. Көршілер жедел қызмет мамандары жеткенше зардап шеккен азаматшаны үйіндінің астынан алып шықпақ болыпты. Алайда одан еш нәтиже шықпапты.

Қабырға басып қалған әйелді құтқарушылар аман алып шықты. Жарылыс болған кезде үйдің ішінде 9 жасар қыз болған. Ол басқа бөлмеде болған. Жас қызды қабырға баспағанымен, оның денесін күйік шалды.

Жедел жәрдем дәрігерлері жас қыз бен оның анасын ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда төтенше жағдай департаментінің жанынан арнайы комиссия құрылып, жарылыстың себеп-салдарын анықтауға кірісті. Үй иесінің айтуынша, табиғи газ жүйесін газ таратушылардың өздері қосқан екен.

[youtube]http://youtu.be/lHuw6Ty76ho[/youtube]