Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

368

Шымкентте тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Оқиға Ақназархан көшесіндегі № 62 үйде орын алған. Мұнда 8 пәтерлі үй қирап қалды.

Алдын ала болжамға сәйкес, табиғи газ пәтерлердің бірінде жиналып, соның салдарынан жарылыс болған. Келеңсіз жағдай кешкі сағат 18-дер шамасында болған.

Оқиға орнына шұғыл қызмет мамандары тез жеткен. Сөйтіп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыс салдарынан 23 адам зардап шеккен деген мәлімет бар. Олардың жетеуі – жас балалар.

Жарақат алғандардың барлығы жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, мамандар сол маңдағы мектепте түнеуді ұсынды. Дегенмен, адамдардың көбісі туыстарының үйіне кетті. Күшті жарылыстан үйдің негізгі қабырғалары қирағандықтан, оны қалпына келтіру оңай болмайтын секілді.

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды