Шымкенттегі жаңа Қаратау ауданының полиция бөлімі ашылды

645

Шымкентте Қаратау ауданының өз полиция бөлімі ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері мен ішкі істер департаментінің басшылығы арнайы қатысты.

нов здан

Қонақтар полиция бөлімінің дерекқорларымен танысты. Кезекші бөлімді аралап көрді. Облыс әкімдігі тарапынан полиция бөлімінің ғимаратын жалға алу үшін 2015 жылға бюджеттен 28 млн. теңге қаржы бөлінді.

Айта кетейік, жаңадан құрылған ауданның аумағы 32 256 гектарды құрайды. Ауданның құрылымында 32 елдімекен бар. 32 жалпы білім беретін мектеп, 33 балабақша, 3 колледж, 23 медициналық мекеме, 4 кітапхана, 6 спорт кешені, 5 базар, 5 ірі сауда және 45 өнеркәсіп орталықтары жұмыс істейді. Ішкі істер басқармасы 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылады.