Шыршаны кескендерге айыппұл салынады

310

Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағашты, жасыл шыршаны кесіп алып, саудаға қойған азаматтарға әкімшілік айыппұл салынбақ. Бұл жаңа бұйрыққа сәйкес ішкі істер саласының қызметкерлері бірнеше сауда қатарында болып, арнайы рейд жұмыстарын жүргізді.

001Тәртіп сақшыларының айтуларынша, әзірге біздің өңірде қылқан жапырақтыны заңсыз кесіп, саудаға салған бірде-бір жан тіркелмепті. Дегенмен де құзырлы орган өкілдері жылдың соңына дейін мұндай тексеру жұмыстарын жалғасын табатын болады деп отыр.

Айта өтейік, мамандар табиғатқа зиян келтірмей, жасанды шыршаны пайдалануға кеңес береді. Егер заңға бағынбайтындар кездессе, оларға ірі мөлшерде айыппұл салынады.

[youtube]http://youtu.be/3fyqiD9aCPw[/youtube]