Қаңтарда қара суық болмайды

517
Шымкентте күн жылыды

Биыл қаңтарда қара суық болмауы мүмкін. Бұл жөніндегі «Қазидромед» мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, кей күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы +21 градусты да көрсетіп жатыр. Бірақ қыс ауасының бұл райы жерлестерімізді аса қуантып отырған жоқ.

Жапалақтан жауған қалың қар, сарышұнақ аязды күндер, көк тайғақ мұз. Жерлестеріміз мұндай ауа райының мінезін биылғы қаңтар айынан да күткен.

Марал Меңлібаева, қала тұрғыны: «Қыстың сәні – қар ғой. Әрбір мезгілдің өзіндік ерекшілігі болғаны жақсы деп ойлаймын. Аяз болып, қар жауып, дала аппақ қарға оранса – неткен керемет!»

Бақыткүл Базарбаева, қала тұрғыны: «Екі аптадан бері тұмау болып, ауырып жүрмін. Қар жаумағанның салдарынан енді тұмау сияқты дерттер тарап, етек жая береді. Қар жауып, кәдімгі қыстың ауа райы болса екен.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9_Pzw6kraC8[/youtube]

Синоптиктердің сөзіне сенсек, мұндай күн райы 2012 жылдың қаңтарында болған. Биыл да қайталанып жатыр. Кей күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы +21 градусты да көрсететуде. Мамандар, ең бастысы, қаңтар айында табиғат тосын мінез танытпайды деп сендіреді.

Арайлым Маханова, синоптик-инженер: «Ауа температурасы 13-15-қаңтар күндері 5-10 градус аяз болады. Ал күндіз 2-7 градус жылы, кей жерлерде 1 градус аяз сақталады. 16-17-қаңтар аралығында ауа райы жауын-шашынсыз болып, температура түнде 2 градус жылы болады. Ал күндіз 10-15 градус аяздан кей аумақтарда 2-7 градус жылылыққа өзгереді. Сайып келгенде, 19-қаңтарға дейін ауа райы бірқалыпты деп күтілуде.»

Қоса кетейік, мамандар қаңтарда қарға қарағанда жаңбырдың көп жауатынын мәлімдеді. Ал үскірік аяз ақпанда болуы мүмкін.