Қазығұрт асуы қардан тазаланды

466

Демалыс күндері қатты жауған жаңбырдың соңы қарға айналды. Тоқтаусыз жауған қар өңіраралық жолдардың жабылуына негіз болды. Әсіресе, Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар мен Шарапхана ауылдары арасындағы жол жабылған.

003

Қар құрсауында қалған көліктерге төтенше жағдай қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетті. Ол үшін 4 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 52 шақырым жол қардан аршылды. Қазіргі таңда жолдың екі жағын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге облыс көлеміндегі басқа да асулар ашық. Бағыттық көліктер кедергісіз жолға шықты деп хабарлайды төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.