Адам қаққан автобус жүргізушісінің соты басталды

214

Аялдамадағы қызды қағып кеткен жүргізушіге қатысты Әл Фараби аудандық сотында тыңдау басталды. Сот залында №84 бағыттағы автобустың жүргізушісі жауап беруде.

005

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 1-қарашасы күні бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктер «Отырар» аялдамасында соқтығысып, салдарынан автобус күтіп тұрған қызды қағып, жәбірленуші сол жерде тіл тартпай көз жұмған еді.

Айыпталушы Сейсенбаев Нұртайға ҚР ҚК 296-бабы – «Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» фактісі бойынша кінә тағылып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cm3P60NB3lc[/youtube]

Сот барысында бірнеше куәгерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сұралды. Айыпталушы кінәлі деп табылса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.