Оңтүстік халқына 117 медицина ұйымы қызмет көрсетеді

193

Оңтүстікқазақстандықтарға 117 мемлекеттік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Калибековтың есебі тыңдалды.

004

Қайрат Калибеков атап өткендей, медициналық көмекті облыс халқына 117 мемлекеттік медициналық ұйым көрсетеді. Оның ішінде 57 ауруханалық, 44 амбулаториялық емханалық қызмет көрсететін ұйым бар.

Өңірдегі бастапқы медициналық-санитарлық қөмек қөрсететін ұйымдар желісі мемлекеттік нормативке сәйкестендірілген. Денсаулық сақтау саласына былтыр 90,3 млрд. теңге бөлініп, 2013 жылмен салыстырғанда қаржының көлемі 7,6%-ға артқан.

2014 жылы 68 денсаулық сақтау нысанының құрылысына жалпы сомасы 10,6 млрд.теңге, 17 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 1,5 млрд. теңге жұмсалды.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,17 млрд. теңге жұмсалып, жасақталу көрсеткіші 58%-дан 63%-ға жеткізілді. Бүгінгі таңда облысымызда барлығы 7504 дәрігер жұмыс істейді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны – 22365.

Дереккөз: Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі