Шардарада бір оқушы екіншісін пышақтап тастады

292
фото: //spb.mk.ru

Соңғы сағаттарда келіп түскен ақпарат. Шардара қаласының мектептерінің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Жоғары сынып оқушылары бір-бірімен жаға жыртысып, соңында бірін пышақтап өлтірген. 10-сынып оқушысы мен 9-сынып оқушысы өзара төбелескен.

Екіншісі пышақ алып шығып, қарсыласына бірнеше рет сұғып алған. 10-сынып оқушысы алған жарақаттардан тілге келместен көз жұмды. Ал 9-сынып оқушысын полиция қызметкерлері алып кеткен. Бұл оқиғадан бүкіл мектептің төбе шашы тік тұрды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.