Шымкентте 40 жастағы азамат асылып қалды

508

Еңбекші полиция бөлімі мен құтқарушыларға таңертеңгі сағат 9-дар шамасында Шымкеттегі 15-шағынауданнан суыт хабар келіп түсті. Тұрғындар 5-қабаттағы терезеден бір адамның денесі ілініп тұрғанын хабарлайды.

Оқиға орнына тез арада полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жетті. Ер адам өз-өзіне қол салып, асылып қалған.

007

Оқиға орнына шақырылған дәрігерлер марқұмның 40 жаста екенін анықтады. Қазір бұл жағдай бойынша тексеру амалдары басталды. Болжамдардың бірі – ер кісі ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өзіне өзі қол салған болуы мүмкін.

Құтқарушылар альпинистік құралдың көмегімен марқұмның денесін жерге алып түсті. Одан кейін тергеушілердің қолына тапсырды. Қазір қайғылы жағдайдың  мән-жайы анықталу үстінде.

008

009