Шымкенттіктер гандболдан Қазақстан чемпионы атанды

309

Жасөспірімдер арасындағы гандболдан ел чемпионаты аяқталды. Үш күндік додада Астана, Ақтөбе, Қостанай, Қандағаш және Шымкенттің екі командасы бақ сынаған болатын.

Екі топта ойнаған Шымкент және Қарағандының командалары 4 кездесуден өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Топтарынан шығып, ақтық ойындарға жолдама алған екі команда, соңғы ойында бар шеберліктерін көрсетіп бақты.

002

Ойынның бірінші жартысында қарағандылық қол доп шеберлері жерлестерімізді біраз әбігерге түсірді. Әсіресе,қарағандылық қақпашының ойынын атап өтпеуге болмайды. Шымкенттік қыздар командасының мүшелері соққан әрбір допты қарағандылық спортшы ару қатарынан қайтарып отырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=P-WRWkV_T2w[/youtube]

Дегенмен, бірінші кезеңде жеңіліс тапқан жерлестеріміз екінші кезеңде барын салып, жеңімпаз атанды. Сонымен, қыздар арасында Шымкент командасы чемпион атанса, екінші орында Қарағанды, үшінші орынды ақтөбелік гандболшылар иемденді.