Қазақстан халқы Ассамблеясы мерекесінде Шымкент жастары флэшмоб өткізеді

785

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл. Осыған орай облыс орталығында мерекелік шараға дайындық басталып кетті. Мерейтой жұма күні сағат 11-де өтеді деп жоспарланған. Бағдарлама бойынша алдымен жаңа әкімшілік-ғимараттың алдында жастардың қатысуымен 20 минуттық флэшмоб ұсынылатын болады.

003

Әзірге алаңда дайындық жүріп жатыр. Ұйымастырушылардың сөзіне сенсек, қазақтың патриоттық әнін жұмыла билеушілердің саны 600 адамды құрайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=498ibh55G80[/youtube]

Ал бұдан кейін көпшілік назарына «Түркістан» сарайында өрбитін концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Қазір мұнда этно-мәдени орталықтың өкілдері өз дәстүр-мәдениетінен сыр шертер әндерін орындап, би билеп, өнерлерін пысықтауда.

004

Бұдан бөлек хор ұжымы да бекзат өнерді насихаттайтын болады. Әр ұлттың ұлттық болмысын баяндайтын қойылымдар да сахналанбақ. Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 20 этно-мәдени орталық бар. Олар өздерінің ұлттық ғұрып-бағыттарын дамытып, оны көпке таныстырып келеді.