Бір түнде екі өрт шықты (фото, видео)

317

Шымкентте бір күнде екі бірдей ірі өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мекемесінің баспасөз қызметі хабарлайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OcIHKrc_ZE4[/youtube]

Алдымен таңғы сағат 5-тер шамасында «Көмешбұлақ» базарында өрт шықты. Дегенмен, базар емес, ондағы асхана өртенген. Аумағы 200 шаршы метрден астам асхана жанып кетті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Оқиға орнына 9 өрт техникасы мен 39 өрт сөндіруші шұғыл аттанады. Анық болғаны,«Арзиева» жеке кәсіпкерлігіне қарасты « Гүлнәр» дәмханасынан өрт шыққан. Оған жапсарласа соғылған «Көмешбұлақ» базарының екі қабатты сауда қатарының жалпы көлемі 168 ш.м., екінші қабатында жалпы көлемі 30 ш.м. бос бутиктерінің гипсокартоннан жасалған төбе жаппасы және ағаш тор көздері жанды.

Тілсіз жаудың беті таңғы сағат 5:53-те қайтарылып, 07:20-да толық сөндірілді. Адамдардан зардап шеккендер жоқ.

003
Өрттен кейін 

Араға үш минут салып, тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы Ордабасы алаңындағы бұрынғы әмбебап дүкеннің бірінші қабаты өртке оранған.

001 (3)

Суыт хабар сағат 05:36-де келіп түсті. Оқиға орнына 5 сағат 41 минутта бiрiншi бөлiмше келіп жеткенде ғимараттың жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрайтын бірінші қабаты жанып жатқаны анықталды. Өрт азық-түлік, әйелдер сөмкесі және тұрмыстық техникалардың сауда қатарларынан шыққан.

001 (4)
Оқиға орнына 7 өрт техникасы және 45 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды. Таңғы сағат 6-дан 9 минут өткенде өрттің беті қайтарылып, 7:06-да толық сөндірілді.

001 (5)

001 (2)

001 (1)

001 (6)

001 (7)

001 (8)
Құдай сақтағанда бұл өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің жану себебі мен материалды шығынның көлемі анықталуда.