Кентау қаласының әкімі есеп берді

489

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен өткен мәжілісте Кентау қаласының әкiмi Әбдібақыт Мақұлбаевтың 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы есебi тыңдалды. Ә.Тілләбайұлы есепті кезеңде қалада өндірілген жалпы өнім көлемі 28793,1 млн. теңгеге жетіп, 2013 жылмен салыстырғанда 114%-ға артқанын мәлімдеді.

002

Негізгі капиталға 5611,4 млн. теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Шаһардың инвестициялық мүмкіндігін арттыру бағытында «КентауИнвест» форумы өтіп, оның қорытындысымен 9 компания өкілдерімен әріптестік орнату жөнінде меморандумға қол қойылды.

Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында Кентауда 3 жоба жүзеге асқан. Ал былтыр осы бағытта құны 817 млн. теңгені құрайтын «МоноЭлеТех» ЖШС-нің инновациялық жобасы іске қосылған. Қалада негізі қаланып отырған индустриалды аймақта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құны 933 млн. теңге болатын 11 шақырымдық электр желілері тартылып, 110/6 кВа электр подстанцияның құрылысы аяқталды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1998-ге жетіп, 2013 жылмен салыстырғанда 182 бірлікке артқан. Бұл салада өндірген өнім мен көрсетілген қызметтің көлемі 13301 млн. теңгені құрап, 119%-ға өскен. Өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмінің жалпы көлемi 1727,5 млн. теңгенi құрап, нақты индекс көлемі 121,9%-ды құраған. Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында мемлекеттен жалпы 108 шаруа қожалығына 88,5 млн. теңге көлемiнде субсидия беріліп, жалпы 17519,94 тн. өнім алынған.

Білім саласында 4 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. «Балапан» бағдарламасы аясында міндеттелген 76,3 пайыз орындалған. Қаладағы №5 жылу-энергоорталығының қалыпты жұмыс істеуі үшін облыстық бюджеттен негізгі және қосалқы қондырғылары ауыстырылып, құрал-жабдықтары мен №6, 7 қазандықтары жөндеуден өткізілген. Есепті кезеңде 175,4 гектарды алып жатқан Байылдыр кен қалдықтарын сақтау қоймасын консервациялау жұмыстары аяқталған.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында 59431 тұрғын профилактикалық байқаудан өткізілген. Нәтижеде аурушаңдықты белсенді табу көрсеткішінің деңгейі жақсарып отыр. Онкологиялық алғашқы аурушаңдық 2013 жылмен салыстырғанда 102-ден 87-ге азайып, өлім жағдайы 55-тен 30-ға төмендеген.

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы «Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту» бағыты аясында 4 жоба грант, 126 жоба микронесие иеленді, 11 жоба несиелерді субсидиялауға ұсынылды. Қала аумағындағы «Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» шағынаудандарында инженерлік инфрақұрылымның, жылу жүйелерін қайта құру, қалаішілік 9 көше орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаралған қаржы толығымен игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 4 ауылда балалардың ойын алаңшалары орнатылып, көшелер жарықтандырылды, саябақтар қоршалып, абаттандырылған. Қаладағы 349 көпқабатты тұрғын үйдің 207-сі әділет басқармасында кондоминиум нысаны ретінде тіркеліп, 9 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Аудан әкімінің есебін тыңдаған А.Мырзахметов тиісті сала басшыларына мемлекеттік мекемелердің сотқа жолдаған талап-арыздарын мұқият талдап, мекемелерде қызмет атқарып отырған заңгер-мамандардың біліктілігін арттыру бағытында пәрменді шаралар қабылдауды міндеттеді. Коммуналдық су беруші кәсіпорындарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге құқық беретін лицензия алу мәселесін реттеуді тапсырып, Кентау қаласына қарасты елдімекендерде ауыз су тарифін белгілеуді кешеуілдетіп отырған лауазым иелерініне шара көруді жүктеді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің кондоминиум нысаны ретінде тіркелуін тездетуді міндеттеді. Кәсіпкерлік және ауылшаруашлығы салаларында атқарылуы тиіс міндеттерді өз деңгейінде орындамаған лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершілігін қарауды тапсырды.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі