Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

446

Бүгін Шымкент қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды. Пилоттық жобаны «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы жүзеге асырды.

002

Орталық қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақталған. Мұнда түрлі нысандар мен тұрғын үйді газдандыру үшін құжаттар беру қызметтерін қысқа мерзімдерде көрсететін қажетті ақпараттық жүйелер біріктірілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ss–8QEUluk[/youtube]

Ғимаратта кеңес берушілер, құжаттау және тіркеу, құжаттар беру секторларымен қоса «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге арналған операциялық зал бар.