Мектепке оқ атқандар іздестіріліп жатыр

255

Шымкент қаласында №41 мектепте орын алған жағдай тексеріліп жатыр. Айта кетейік, 25- ақпан күні, кешкісін пневматикалық қарудан оқ атылып, 3-ші қабаттағы кабинеттің терезесі сынған. Зардап шеккендер жоқ дейді мектеп басшылығы.

Сынған терезенің текшесінен оқушылар майысқан қорғасын оғын байқаған. Оқ қалың пердеден өтпей қалған.Прокуратура мен полиция өкілдері пневматикалық қарудан оқ атқан адамды іздестіріп жатыр. Шамамен оқ мектепке қарама қарсы ораналасқан үйден атылған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GOkOUmsq7Hc[/youtube]