Оңтүстіктің оқушылары «Зерде» конкурсында жеңіске жетті

436

Республикалық «Зерде» конкурсына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан оқушылар І орынды және «Ең үздік команда» номинациясын жеңіп алды.

001

Республикалық Х шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары байқауы Көкшетау қаласында 28-30-қаңтар аралығында 1, 7-сынып оқушылары арасында өтті.

Аталған конкурс қорытындысы бойынша 3 күміс, 13 қола медальға ие болған оңтүстікқазақстандық оқушылар І орынды және «Ең үздік команда» номинациясын иеленді. Республика бойынша 14 облыстан 358 оқушы бағын сынаған сайыста Оңтүстіктен қатысқан 16 оқушы жүлдегер атанды.

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының» ұйымдастыруымен өткен байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен дипломдар табысталды.

002

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі