Облыс әкімі халық алдында есеп берді

329

ОҚО әкімі А.Мырзахметов: Жалпы өңiрлiк өнiм 200 млрд. теңгеге артты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Түркістан» сарайына жиналған екі мыңға жуық тұрғынның алдында өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Облыс басшысының айтуынша, 2014 жылы жалпы өңiрлiк өнiм көлемі 200 млрд. теңгеге артып, 2,3 трлн. теңгеге жеткен, осылайша аймақтағы экономикалық өсім 6 пайызды құраған. Өнеркәсіп өнімі 649,2 млрд. теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 76,3 мың АҚШ долларына теңелген. Бұл – республикадағы жоғары көрсеткіш.

016

Индустрияландыру картасы аясындағы 223 жобаның 65 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асуда. Бүгінге дейін 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында Оңтүстікте бұрын-соңды болмаған жаңа технологиялық және фармацевтикалық бұйымдардың өндірісі қолға алынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0zqBIvASOm4[/youtube]

«Оңтүстік» индустриалды аймағындағы 38 кәсіпорында 2800 жұмыс орны ашылып, 18 млрд. теңге инвестиция тартылған. Мұнда 33 жобаның құрылысы басталған. Жалпы аймақта 76,8 млрд. теңге игеріліп, 6699 жұмыс орны бар 71 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде бюджеттік 1 теңгеге 18 теңге жеке инвестиция тартылды.

017

Шымкентте жаңа төрт индустриалды аймақ құрылды. Атап айтқанда, «Тассай», «Қазақ-түрік», «Бадам» және агро-индустриалды аймақ. Алғашқы үш аймақта жалпы 27 инвестициялық жоба іске асып, 6658 жаңа жұмыс орындары ашылса, агро-индустриалды аймақта жылына 25 мың тонна көкөніс өндіріліп, 800 жұмыс орнын ашу көзделуде.

018

Шымкенттегі сауда-логистика орталығында 8 ірі жоба жүзеге асуда. Былтыр мұнда халықаралық стандарттарға сай «А» класты қойма іске қосылды. Дәл осы сынды орталықтар Түркістан мен Мақтааралда да салынуда.

019

Есепті кездесу барысында бірқатар азаматтар тұрмыстық және қоғамдық мәселелер бойынша облыс әкіміне сұрақ қойды. Өз кезегінде облыс әкімі сауалдарға тыңғылықты жауап беріп, халықтың оң бағасын алды.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі