Облыстық жүйке жүйесі ауруларының диспансерінен өрт шықты

389

Ауруханадан өрт шықты. Оны ауыздықтау үшін, төтеншеліктер аяғынан тік тұрды. Сөйтсек бұл, әдеттегідей оқу-жаттығу екен. Медициналық мекемеге жиналған өрт сөндіру қызметінің мамандары жаттығу жиынын өткізді.

Жаттығуға 9 өрт сөндіру көлігі мен елуден астам жеке құрам жасағы жұмылдырылған. Сондай-ақ, «Казтрансгаз» және энергиямен жабдықтау ұйымының мамандары мег медицина орталығының дәрігерлері де қатыстырылды. Егерде шын мәнісінде, өрт бола қалса, аталған мамандар иық тірестіре бірге жұмыс жасауы қажет болады. Оқу-жаттығудың алдын-ала жоспарланған сценарииі бойынша, өрт аурухананың бір корпусында орын алған.

Ахметжан Мырсадықов,  ОҚО «Өрт сөндіру қызметі» ММ басшысының орынбасары: «Осы объектідегі басты қиыншылық ол, терезелердегі темір торлар, олар өрт кезінде үлкен кедергі болады. Егер шынайы өрт болып жатса бізде арнайы темір торлар бар, олар терезе торларына ілініп сол торлар жұлынып алынады да, адамдарды сол терезелер арқылы шығаратын боламыз».

 9 өрт сөндіру көлігі
жаттығуға 9 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды

Арнайы медициналық мекемеде 600 ге жуық науқас ем алады. Ғимараттардың орналасқан жалпы аумағы -6 гектар. Өртке қарсы қауіпсіздік шарасы ауруханада жақсы жасақталған. Мұндай оқу жаттығу жыл сайын өткізіліп тұрады.

Жомарт Ерешпаев, «Облыстық психоневрологиялық диспансері» МКК қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғанысы бойынша инженері: «Бізде мұнда төрт гидрант бар, арнайы дабыл жүйесімен жабдықталған, өрт тақтайшалары орнатылған. Сонымен қатар егер өрт болып жаста пациенттерді шығаратын арнайы аула да бар».

846

Бір сағат көлемінде жоспар бойынша тұталған өрт ауыздықталды. Мамандар діттеген мақсаттарына жетті. Келесі жаттығу жұмыстары келер жылы өткізіледі деп жоспарланып отыр.