«Шәмшінің ғұмырлық геометриясы» атты кітап жарық көрді

974
"Шәмшінің ғұмырлық геометриясы

Шымкенттіктер Шәмшісін еске алды. 24 ақпан күні вальс падишаһына арналған жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шараға жаңа еңбектің авторы – белгілі қаламгер Мұхтар Шахановтың өзі қатысып, ұлы сазгердің өмір жолыннан естеліктер айтты.

"Шәмшінің ғұмырлық геометриясы
Жаңа кітап

Қаламгер Мұхтар Шахановтың жаңа еңбегімен танысуға келген ағайынның қарасы қалың. Тұсаукесер рәсіміне жазушының қаламдастары мен БАҚ өкілдері шақырылған. Оқырмандар мен жас қаламгерлер де осында. Олар жаңа жинаққа бағасын беруге асық.

2

3

Гүлмира Өрісбай, оқырман: «Кітаптағы бірнеше шығарманы оқып үлгердім, маған ұнады. Бұған дейін мен Шәмші Қалдаяқовты тек композитор ретінде танитынмын. Енді сазгерді басқа қырынан таныдым. Адамгершілігі мол және өте қарапайым адам болған екен. Өнер иесінің жан дүниесін жеткізген Мұхтар ағаға алғысым шексіз!»

Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов

«Шәмшінің ғұмырлық геометриясы» – Мұхтар Шахановтың соңғы 5 жылғы еңбегі. 184 беттік кітап биыл Алматы қаласындағы басылып шықты. Мұнда композитор туралы эсселер жарық көріпті. Және ақынның сөздеріне шығарған Шәмшінің әндері де жинақталып отыр. Автор ұлы сазгердің телегей шығармашылығын насихаттағанымен, оның көзі тірісінде орын алған «әттеген-айларды» ойынан өшіре алмай келеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EYo9PXYd5KY[/youtube]

Мұхтар Шаханов, ҚР Халық жазушысы: «Шәмші КСРО композиторлар одағының мүшесі болған жоқ. Бұл менің жаныма батты, сондықтан талай рет ұсындым, бірақ жоғарыдағылар мені құптамады. Бірақ, халық Шәмшісін мойындады, себебі Шәмшінің әндері мәңгілік, ол уақытқа бағынбайды!Жүрегі кең, жаны адал адам еді. Менің анам да оны өз баласындай көрді».

Айта кетейік, вальс падишаһының құрметіне арналған кітап әзірге 5000 данамен жарық көріпті. Басылымның сатылым-көрмесі облыстық «Отырар» кітапханасында өтіп жатыр.