Қала әкімдігі аналарды құттықтады

343

19 наурыз – Шаттық күні. Наурыз табиғаттың жаңғыруы ғана емес, өсіп-өнудің де басы саналады. Дүние қайта түлейді, жан-жануар төлдейді. Айнала шаттыққа, қуанышқа бөленеді. Осындай көзқараспен дәл осы күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына қала басшылығы сый-сияпат жасады.

Қала әкімінің орынбасары Гүлнәр Құрманбекова Нұрсәттегі №4 перинаталдық перзентханада жаңа босанған аналарды арнайы құттықтап барып, естелік сыйлықтарын табыстады. Осылайша шаттыққа бөленген отбасыларына ізгі тілектерін айтып, Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесімен құттықтады.

Әкімдік тарапынан сый-құрметке бөленгендердің бірі – Бәйдібек ауданының тұрғыны Динара Жанәлиева. Шаттық күні оның отбасы егіздермен толықты.  Бұған дейін 1,5 жасар қызы бар жас ана қуанышы қойнына сыймай отырғанын айтады. Ол егіздердің атын әлі қоймадық дейді.

001

 

003

Айта кетейік, аталмыш орталықта соңғы 4 жылда 35 мың нәресте дүниеге келген. Ал жыл басынан бері 1600-ге жуық бала дүние есігін ашыпты. Шаттық күні босанған әйелдердің саны – 25. Олардың арасында егіз босанғандары да бар.