Өз гаражында мерт болды

211

8 наурыз Шымкент тұрғыны үшін қайғылы аяқталды. 41 жастағы азамат сол күні өзінің көлігін гаражына қою үшін үйінен шығып кетеді. Содан кейін қайтып оралмаған.

Келесі күні түске қарай азаматтық некеде тұратын әйелі полицияның кезекші бөліміне хабарласып, күйеуінің жоғалғанын айтады. Өзінің айтуынша, күйеуін іздеп, Кремлевский көшесіндегі гаражға барса, оның есігі іштен жабық тұр екен.

004

Полиция қызметкерлері сағат 15:48-де облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағына хабарласады. Оқиға орнына келген құтқарушылар гараждың есігін арнайы құралмен бұзып ашады. Сөйтсе, жоғалған азамат автокөліктің ішінде жатыр екен. Алдыңғы орындықтың арқалығын түсіріп жатқан ол дүние салған.

005

Құтқарушылар марқұмның денесін полиция қызметкерлері мен дәрігерлерге тапсырды. Мамандар алдын ала қарап, марқұмның мәйітінде қинап өлтірудің белгілері жоқ деп отыр. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

006