«Astana Arlans» және «Rafaco Hussars Poland» боксшылары Шымкентте жұдырықтасады

299
Отандық командадан жеңіс күтеміз!!!

Ел тарихында алғаш рет «Astana Arlans» боксшылары өз қарсыластарымен Шымкентте кездеседі. Бастапқыда наурыздың 13-іне жоспарланған жекпе-жек кейіннен бір күнге шегерілді. Польшалық «Rafaco Hussars Poland» командасы шаһарымызға 13 наурыз күні келіп, «Отырар TV» телеарнасының ғимаратында баспасөз мәслихатын береді деп күтілуде.

Отандық командадан жеңіс күтеміз!!!
Отандық командадан жеңіс күтеміз!!!

Кездесуден бір күн бұрын боксшылармен Оңтүстіктің БАҚ өкілдері танысып, сұқбат алуға мүмкіндік болады. Ал қос команданың кездесуі наурыздың 14-і күні Шымкенттегі жеңіл атлетика манежіне жоспарланған. Жарысқа дейін астаналықтардың жетекшісі Серік Сапиев те қаламызға келіп, Оңтүстіктің бокс сүйер қауымымен жүздеседі деп күтілуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=y3yc1iRhQ2Q[/youtube]