Батыс Европа – Батыс Қытай тасжолында жұмыс басталды

258
фото: //centralasiaonline.com

Батыс Европа – Батыс Қытай көлік дәлізінің облысқа тиелісі ең ірі тармағында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазығұрт өткелінде «Аккорд» фирмасының жұмысшылары бетон төсеу үшін арнайы техникаларды әзірлеп, қосымша жұмыстарды атқаруда.

фото: //centralasiaonline.com
фото: //centralasiaonline.com

Ауа райының қолайлылығына байланысты жылдағыдан бір ай бұрын іске кіріскен құрылысшылар осы уақытқа дейін 13 шақырымға бетон төсеп шықты. Жыл аяғына дейін тағы 24 шақырым жолды жөндеп тапсыруы тиіс. Қазір компанияда 200-ге жуық жұмысшы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейінгі аралық 90 шақырымнан асады. Аталған компания өзіне тиесілі құрылыс жұмыстарын аяқтап болған соң келесі тармақты қытайлық компания жалғастырады. Үш тармақтан тұратын жол 2016 жылы толық бітіп, пайдаланауға беріледі деп күтілуде.