Дзюдошылар Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтті

266
Бұл жарыс - іріктеу емес. Жеткіншектердің дайындығын байқап, қателікпен жұмыс жасау үшін ұйымдастырылып отыр.

Күрес спорты түрлерінің № 10 мектебінде кезекті рет жеткіншектер сынға түсті. Бұл жолы дзюдошылар кілемге шықты. 120-ға жуық балуан бір күн бойында чемпиондарды анықтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UIb216TC500[/youtube]

Мұрат Қыпшақбаев бастаған спорт ордасында күрестің 5 түрінен балалар шұғылдануға мүмкіндік алған. Жыл басынан бері үш жарыс ұйымдастырылды. Олар алдағы мерейлі даталарға арналып отыр.

Бұл жарыс - іріктеу емес. Жеткіншектердің дайындығын байқап, қателікпен жұмыс жасау үшін ұйымдастырылып отыр.

Бұл жарыс – іріктеу емес. Жеткіншектердің дайындығын байқап, қателікпен жұмыс жасау үшін ұйымдастырылып отыр. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған доданың әлі 2 сынағы бар. Самбо және қазақ күресінен де турнирлер ұйымдастырылады. Жеңімпаздар арнайы грамота және медальмен марапатталса, жеңіліс тапқандар келесі жарысқа дейін қателікпен жұмыс жасайтын болады.