Іскер әйелдер көбейіп келеді

Созақ ауданының әкімі А. Аймұрзаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы М. Исаев осы өлкеде түрлі салада қызмет етіп, жетістіктерге жетіп жүрген іскер әйелдерді қабылдады.

10-004

Қабылдау барысында қыз келіншектер алдағы атқаратын жұмыстары туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Мәселен Ләйлә Ыстыбаева қыз келіншектерга арналған сауықтыру орталығын салуды жоспарлап отырғанын айтса, Гүлнұр Байжігітова балабақша ашқысы келеді екен. Тағы бірі тәтті тағамдар әзірлейтін кондитерлік цех ашып, қазіргі уақытта өнімділігін көбейту бағытында жұмыстар атқарып жатқанын айтты.

Аудан әкімі жоқтан бар жасап, қоғамның дамуына үлесін қосып жүрген қыз келіншектерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, өз ісін ашып, кәсібін дамытамын деген қыз-келіншектерге мемлекет тарапынан қолдау болады, – дейді.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

«Оңтүстік Рабат», №10, 11.03.2015