Коммуналдық қызметшілер көктемде жауған қарды тазалауға кірісті

273

Көктемгі жұмыстарға дайындалып жатқан коммуналдық сала мамандарын 10 наурыз күнгі ауа райы абдыратып тастады. Сейсенбіге қараған түні жауа бастаған қар түске дейін тоқтаған жоқ. Таңертеңнен қаланың 80 көшесін қардан тазартуға «ЛТД тұрмыс» ЖШС басшылығы 30 техникасын шығарды.

024

Ал «Югдорсервис» мекемесі небәрі 10 көлігімен жұмыс жасады. Жалпы биыл қала көшелерін қардан тазарту жұмысы ойдағыдай атқарылды деуге болады. «ЛТД тұрмыс» мекемесі дайындалған 16 мың текше метр құм-тұздың 12 мыңын текшесін көшелерге сепкен. «Юг Дорсервисте» қоймадағы 4 мың текше метр құмның тең жартысын жұмсаған. Коммуналдық сала мамандары үшін жұмыс күні бойы тынбайтын секілді.

Дегенмен, қарды тазалау аса қиындық туғызбаса керек. Тек жылы күнде бүршік жарып, гүлдеп үлгерген жеміс ағаштары қар астында қалды. Табиғаттың тосын мінезі осы бау-бақша өсіретіндерді алаңдатып отыр. Оның үстіне коммуналдық сала мамандары да жылы басталңан наурыздың алғашқы он күндігінде көшелердің бойына гүл егіп үлгеріпті.