Оңтүстік халқы Жұмабек Тәшеновті еске алды

674

Өңірімізде тойланып жатқан Наурыз мерекесінің дәстүріне сәйкес бүгін – Тағзым күні. Бұл күні үлкенге құрмет көрсетіліп, өмірден өткен азаматтардың, ата-бабаларымыздың рухына Құран бағышталады. Осындай игілікті істің бірі – Қазақтың қатепті қара нары атанған, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы болған Жұмабек Тәшеновті еске алып, тағзым ету болды.

008

Жұмабек Тәшенов 20 наурыз күні дүниеге келген. Шымкент қаласының зиялы қауымы, ОҚО басшылығы бастап осы айтулы датаға орай Жұмабек Ташеновтің қала орталығындағы ескерткішіне жиналды. Халықтың қалаулы перзентін, оның нағыз қайраткелік істері туралы осында жиналған жастарға әңгімелеп берді.