Оңтүстікте көктемгі дала жұмыстары басталды

220

Өңірде көктемгі дала жұмыстары басталды. Қала аумағының ұлғағанына байланысты Шымкенттегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 35 гектарға артқан. Жылдағыдан бір ай бұрын егістікке кіріскен дихандар қазір жер өңдеумен айналысуда.

Қара жерден қар кете сала іске кіріскен шаруалар жер жыртып жатыр. Ақтас елдімекеніндегі Талапты өндірістік кооперативіне тиесілі 125 гектар жердің бір бөлігі егістікке дайын. Мұнда енді бірер күнде мақсары егіледі. Шаруалардың техникасы сақадай сай, өнімдеріне де сұраныс бар. Тек қаржылық қолдауға көңіл көншітпейді.

5555555555555555Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің аумағы 63 мың гектарға жетті. 20 гектар жер – жайылымның үлесінде. Тағы 43 мың гектарға түрлі дәнді дақылдар, мал азығы егіледі.

Салаға жауапты мамандардың сөзіне қарағанда, биыл ауыл шаруашылығына тиесілі қаржы қысқармаған. Тыңайтқыштар мен шикізаттан да шаруалар таршылық көрмейді деп отыр. Онымен қоса озық технологияларды пайдалану көрсеткіші де жақсарған.

Ауа райының сәтті күндерін пайдалана отырып шаруалар егін алқабынан былтырғыдан бір ай бұрын табылды. Нәпақасын жерден іздеген дихандар еткен еңбектің өнбегі зор болатынына сенімді.