Шымкент қаласы әкімдігінің мекенжайы ауысты

878
қала әкімдігінің жаңа мекен-жайы

Шымкент қаласының әкімдігі аппаратының мекенжайы ауысты. 28 наурыз күні мекеме ұжымы өзге ғимаратқа көшуді бастады.

қала әкімдігінің жаңа мекен-жайы
қала әкімдігінің жаңа мекен-жайы

Енді қала билігі бұрынғы облыс әкімдігінің аппараты жайғасқан нысанда қоныс тебеді. Әзірге кабинеттердің жиһаздары мен құжаттары жүк көліктерімен тасылып, межелеген мекемеге орналастырылып жатыр. Әкімдік өкілдерінің сөзіне сенсек, шаруаға мекеме қызметкерлері жұмылдырылған. Қоныстану жұмысы әлі біраз күнге жалғасатын түрі бар.