Теміржол көпірін жөндеу 2016 жыл аяқталады

469

Шымкенттегі теміржолдың үстінен өтетін көпірді кеңейту-жөндеу жұмыстары басталғалы көлік жүргізушілерінен түсетін шағым көбейді. Күні кеше осы көпірдің үстінде үш сағат кептеліс болған. Оған себеп құрылысты жүргізуші компанияның аптасына бір рет ауыр көліктермен бетон тасымалдауы болып отыр.

005

2014 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс сәуір айында қарқын алады дейді мамандар. Нағыз көлік кептелісі де сол кезде басталады. Әзірге мердігерлер бюджеттен бөлінген 700 млн. теңгеге жер жұмыстарын жүргізіп, көпірдің бетон тіректерін жеткізіп жатыр. Жол қауіпсіздігін сақтау және көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілер айналма жолдарды пайдаланса жақсы.

Құрылысқа тапсырыс берген қала әкімдігіндегі көлік бөлімінің мамандары көпір өткеліндегі жұмыстарға арнайы кесте түзілгенгін, алдағы уақыта бұл өткел уақытша жабылатынын айтады. Ал әзірге мүмкіндігінше көліктер бір біріне кедергі тигізбестен жүруге жағдай жасамақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YxFVpAySuPU[/youtube]

Құны 1 млрд. 200 млн. теңгеге бағаланған құрылыс нысаны 2016 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұйыртса, сол кезде бұл жерде ені 9 метрлік екі бірдей көпір өткелі қолданысқа беріледі.