Жанкүйерлер «Ордабасының» жаңа футболшыларымен танысты

326
Команда бас бапкері Виктор Кумыковтуды жанкүйерлерге табыстады, фото "Техас" фанклубының қорынан

«Ордабасы» футбол командасының тарихында алғаш рет футболшыларды жанкүйерлерге ресми таныстыру салтанаты өтті. Салтанатты кеш «Мега» ойын-сауық кешенінде өтті. Биыл шымкенттіктердің қатарын 10 жаңа футболшы толықтырып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=K0e8QFBOZMc[/youtube]

Олар: Иван Божич (шабуылшы)

– Сергей Малый (қорғаушы)

– Александр Симчевич (қорғаушы)

– Ринат Абдуллин (қорғаушы)

– Бронислав Трайкович (қорғаушы)

– Кирилл Петров (жартылай қорғаушы)

– Рауан Сариев (жартылай қорғаушы)

– Андрей Сидельников (қақпашы)

– Сергей Бойченко (қақпашы)

– Александр Гейнрих (жартылай қорғаушы)

Команда бас бапкері Виктор Кумыковтуды жанкүйерлерге табыстады, фото "Техас"  фанклубының қорынан
Команда бас бапкері Виктор Кумыков туды жанкүйерлерге табыстады (фото «Техас» фанклубының қорынан)

Оның үстіне биыл «Ордабасы» клубының «Техас» фанклубының мүшелері команданың арнайы әнұранын шырқады. Салтанатты кеште оны кәсіби өнерпаздар орындаса, 7 наурыз күні ел чемпионатының алғашқы ойынына жиналғандар әнұранды бірлесе айтады.

Андрей Сидельников осы сары жейдеде "Ордабасының" қақпасын қорғайтын болады, фото "Техас" фанклубының қорынан
Андрей Сидельников

Команданың бас бапкері Виктор Кумыков та ордабасылықтарды биылдан бастап жаттықтырады. Осыған дейін қарағандылықтардың атын Европада шығаруға атсалысқан маман биыл шымкенттіктермен бірге жеңістерді бағындырмақ. Үш оқу-жаттығу жиынында Виктор Балютович команда құрамын толық жасақтаған.

Команда құрамын толықтырған 9 футболшының бірі қорғаушы Александр Симчевич, фото "Техас" фанклубының қорынан
Қорғаушы Александр Симчевич

«Ордабасы» командасы құрылғалы мұндай таныстыру кеші болған емес. Бұл да болса клубтың биылғы маусымға жоспары берік екенін аңғартады. «Кем дегенде жүлделі орыннан көрінуіміз қажет» дейді клуб президенті Берік Омарбеков.

Артем Касьяновпен Қайрат Әшірбековтың  мақсаты биылғы маусымда ел чемпионатының медалін тағу болып отыр, фото Мәлік Ысқақовтікі
Артем Касьянов, Қайрат Әшірбеков және Сарбиназ Алдабергенова (ортада). Фотоны түсірген – Мәлік Ысқақов

Артем Касьянов, «Ордабасы» ФК ойыншысы: «Жанкүйерлермен мұндай кездесулердің жиі өтіп тұрғаны дұрыс қой. Бүгін көңіліміз көтеріліп, ойын алдында жаңа бір серпіліс алғандай болдық. Әрине, Оңтүстік жұртшылығының алдында ұятқа қалмауымыз керек. Алдағы уақытта тек жеңіске жетіп, алтын немесе күміс медаль тағамыз деп сенемін.»

Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатының алғашқы турында шымкенттік «Ордабасы» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Матч 7 наурыз күні орталық стадионға жоспарланған.