Қорғасын зауытының басшысы миллиардтаған ақшаны жымқырған деген күдікпен ұсталды

616

Шымкенттегі «Оңтүстікполиметалл» қорғасын зауытының басшысына 11 миллиард теңгені жымқырған деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

001

Хабарламада Еңбекші аудандық соты Қазақстан Республикасы қылмыстық-пороцессуалдық кодексінің 147 және 148-баптарына сәйкес зауыттың директоры Тұрсынбек Асанбаев пен заңгеріне қатысты қамау бұлтартпау шарасы таңдалған.

Олар 61 млн АҚШ доллары сомасында қаражат жымқырған деген күдік бар. Бұл қаржыны «Альянс Банк» акционерлік қоғамы «Оңтүстікполиметалл» қорғасын зауытына сеніп тапсырған делінген хабарламада. Бұған қоса соттың күдіктілерді қамауда ұстау мерзімін 2 ай деп белгілегені айтылған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.