Әскери бөлімде ашық есік күні өтті

585

Оқушылар қолдарына суық қару ұстап көрді. «Сәуле» шағынауданындағы № 35/748 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Оған шаһардағы білім ұяларының 200-ден аса жоғары сынып оқушылары қатысты.

004

Әскери бөлімде түрлі қару-жарақтар, ауыр техника көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар атыс қаруымен танысты, қолдарына ұстап көріп қана қоймай, оны пайдалану жолдарымен үйренді. Осылайша әскерилер жасөспірімдерді ел қорғауға шақырып, оның тыныштығын сақтаудың азаматтық борыш екені түсіндірді.

008